Қазақстандықтардың пробиотиктерге деген қызығушылығының артуы: STADA фармкомпаниясының деректері

25047
Фотосурет: @jcomp / freepik

STADA халықаралық фармацевтикалық компаниясының сату деректеріне сәйкес, Қазақстанда пробиотиктер мен профилактикалық дәрілерге деген қызығушылық пен тұтынушылар сұранысы артып келеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мысалы, STADA компаниясы 2024 жылдың басынан бастап қораптағы магний препаратының саудасы 52,7%-ға өскенін атап өтеді. Сондай-ақ, сарапшылар пробиотиктердің саудасы 28,7%-ға артқанын айтып отыр (IQVIA халықаралық аналитика компаниясының дерегі бойынша).

Қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін компания өнімдеріне сұраныс мынадай болған:

«Пробиотиктер адамның ішек микрофлорасын жақсартып, оны «пайдалы» бактериялармен қанықтыру арқылы иммундық жүйенің нығаюында маңызды рөл ойнайтыны белгілі. Пробиотиктер саудасының өсімі Қазақстан тұрғындарының аурудың алдын алуға көбірек мән бере бастағанын көрсетеді. Бұл осы топтағы дәрі-дәрмектерді дәрігерлердің жиі ұсынуымен де байланысты болуы мүмкін, ал қазақстандықтар үшін дәрігердің пікірі шешуші рөл ойнайды (2024 жылғы STADA Health Report зерттеуінің нәтижесі бойынша).

Рецептісіз берілетін дәрілер мен тағамға қосымша қоспалар сатып алуда жалпы практика дәрігерлері мен отбасылық дәрігерлер маңызды ақпарат көзінің бірі болып саналады. Қазақстандықтардың жартысы бұларды сатып алу кезінде дәрігерлерге сенім артады», – дейді STADA Kazakhstan бас директоры Наталья Гарипова.

«Қазақстандықтардың қажетті алдын алу шараларын жасап, дәрі-дәрмек алып ішуі, соның ішінде құрамында магний бар препараттарды қабылдауы қолдайтын жайт. Магнийді әсіресе B6 дәруменімен бірге пайдалану эмоциялық шиеленіс, күйзеліс, үрей және күйгелектік кезінде жоғарғы жүйке жүйесін қалыпқа келтіретін әсерге ие. Қазір күйзеліске түсуге әкелетін жағдай көп екенін ескерсек, ағзада магний жетіспейтіндіктен, оның орнын толтыру маңызды. Магнийдің жетіспеуі нейрондар мен бұлшықетті қоздырып, аяқ-қолдың тырысуына, жүрек қағысының, асқазан-ішек жолы қызметінің бұзылуына және күйзеліске төзімсіздікке әкеп соғады. Магний тапшылығының немесе жетіспеуінің орнын толтыру немесе тапшылықтың алдын алу адамның жүйке-вегетатив жүйесінің дұрыс жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Қазақстандықтардың менталдық, психикалық саулығына қамқорлықпен қарай бастауына тағы да 2024 жылғы STADA Health Report зерттеуі дәлел бола алады, зерттеуге сәйкес, респонденттердің 65%-ы психикалық жағдайын «жақсы» немесе «өте жақсы» деп бағалаған», – дейді Н.Гарипова.

Бірінші жартыжылдықта сұраныс артқан дәрі-дәрмектер қатарында түйілуді басатын дәрілер де бар. Мысалы, STADA спазмолитигі жалпы нарықпен салыстырғанда және жалпы алда екенін көрсетті, сәйкесінше 19,8% және 8,2%. Сонымен бірге, IQVIA дерегі бойынша, мұрынға шашатын спрейге сұраныс 48,8%-ға артқан, ал жалпы нарықта осыған ұқсас дәрігерге деген сұраныстың өсімі 3,4%.

Қазақстанда жүректі емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді сату жөнінде де өсім бар – 3,2%. Ал STADA компаниясының әйгілі жүрекке арналған дәрісіне сұраныс 8,2%-ға артқан.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -