«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері жауынгерлік дайындықтан емтихан тапсыруда

18238
Фотосурет: Gov

Қарулы күштерде қысқы оқу кезеңінің басталуына орай «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізуге кірісті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл күндер әскери қызметшілерді таңертеңгілік күн сайын қысқа мерзім ішінде қызмет орнына келіп, қару алуға және өз бөлімшесінің құрамында жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын болуға міндеттейтін «жиын» сигналынан басталады.

Ешкім жауынгерлік тапсырмалардың мәнін алдын ала білмейді. Осылайша бөлімшелердің кез келген жағдайда үйлесімді әрі тиімді әрекет ету қабілетіне баға беріледі. 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ибраев өз орынбасарларымен және штаб офицерлерімен бірге тексеру жоспарын егжей-тегжейлі талқылап, міндеттерді тұжырымдады. Уақыт, техника, ЖЖМ және оқ-дәрілер санының есебі жүргізіліп, бөлімшелер шоғырланатын аудандар мен олардың қозғалыс бағыттары айқындалады. Сондай-ақ жұмылдыру ресурстарын тарту мәселелері де шешілуде. 

 – Жауынгерлік дайындық бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізу – жаңа оқу жылының басындағы дәстүрлі іс-шара, – деп атап өтті «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Нұрлан Кәрібаев. – Осылайша әскерлер мен әскери басқару органдарының әртүрлі жағдайларда тапсырмаларды орындауға дайындығы тексеріліп, жаңа оқу кезеңінің қарқыны белгіленеді.

Практикалық іс-қимылдарға дайындық үшін жауынгерлік машиналар бокстардан шығарылып, оқ-дәрілер жүктеледі. Әскери техника кез келген уақытта жүктелген тапсырмаларды орындау үшін белгіленген ауданға жылжуға дайын.

Кешенді тактикалық-саптық сабақтар барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы командирлердің жұмысын бақылайды. Бұл ретте олардың бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару машығы, бөлімдердің белгіленген мерзімде қойылған тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеті бағаланады.

Жаңа оқу жылының басында әскерлерді әртүрлі жауынгерлік дайындық дәрежесіне келтіру – бұл әскерлер үшін емтиханның бір түрі. Сөреде қабылданған қарқын алдағы кезеңдерде де сақталып, жауынгерлік оқу сапасына оң әсер ететіні сөзсіз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -