Әскерлерде оқудың қысқы кезеңі

4301
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімі әскер мен халықтың Отанды қорғаудағы бірлігі мен дайындығын бейнелейтін «Біртұтас ел – біртұтас жер» ұранымен өтетін қысқы оқу кезеңіне кірісті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жаңа оқу кезеңінің бірінші күні саптық алаңдағы салтанатты митингпен басталды. Бөлім командирі мен Қарулы күштер ардагерлері әскери қызметшілерді осы маңызды кезеңмен құттықтап, оларға жауынгерлік дайындықта табыс тіледі. Митинг соңында Ту ұстаушы тобы бастаған офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамалары салтанатты шерумен өтті.

Саптық алаңынан кейін жеке құраммен бөлімше командирлері мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша алғашқы сабақтарды өткізді, оның барысында әскери қызметшілерге елдегі және одан тыс жерлердегі саяси және экономикалық жағдай туралы, сондай-ақ оқытудың жаңа кезеңіне жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратты жеткізді.

Мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтардан соң тактикалық-саптық сабақтарға кірісті. Бұл сабақтар барысында жеке құрамның жауынгерлік әзірлікті жоғары дәрежеге келтіру кезінде функционалдық міндеттерді орындауы, бақылау топтарының жұмысын ұйымдастыру, бөлімшелердің роталық колонналарды қалыптастыру аудандарына шығуы, жылжымалы басқару пункттерін өрістету, сондай-ақ командалық-штабтық машиналардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру және бағынысты және жоғары тұрған штабтармен байланысты ұйымдастыру мәселелері пысықталды.

Жауынгерлік дайындық аптасынан кейін барлық санаттағы әскери қызметшілер атқаратын лауазымдар көлеміндегі функционалдық міндеттерді, сондай-ақ штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін және оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша сабақтарын жалғастырады.

Айта кету керек, жеке құрамды оқытудың қысқы кезеңі әскери қызметшілерді мамандық бойынша даярлауды, бөлімшелерді үйлестіруді, жауынгерлік атыстарды және тактикалық жаттығуларды қамтитын жауынгерлік даярлық бағдарламасы бойынша өткізілетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -