Бүгін FlyArystan қазақстандық лоуокстерінің Астанадан Гоаға бағытталған алғашқы чартерлік рейс орындалды. Қазақстанның астанасынан FlyArystan лоукостерінің рейстерді аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері жоспарланған, деп хабарлайды DKnews.kz.
FlyArystan аталған чартерлік рейстерді KOMPAS және FUN&SUN туристік операторларымен серіктестік аясында іске қосып отыр. Чартерлік бағыттың ашылуы Астана және Қазақстанның солтүстік аймақтарының тұрғындары арасындағы Гоаға демалуға сұраныстың жоғары болуына байланысты.
Ұшақ билетінің құнына 5 кг қолжүгі, 15 кг тіркелген жолжүк, сондай-ақ борттағы ыстық тамақтану қызметтері кіреді. Билеттердің бағасы мен брондау сұрақтары бойынша әуекомпания туристік агенттіктерге жүгінуді сұрайды.