Астанада шинкиокушинкай каратэден турнир басталды

7557
Фотосурет: Gov

Астанадағы «Аспан» спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне орай шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2 күнге жалғасатын бәсекенің алғашқы күнінде қатысушылар каратэнің теориялық негіздерін көрсететін «ката» бағдарламасында бақ сынаса, екінші күні «кумитэ», деп хабарлайды DKnews.kz. бағдарламасында жекпе-жектер өтеді.

«Мұндай турнир екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы спорт түрі енді ғана дамып келе жатқандықтан, 9 өңірден 120 қатысушы келді. Салыстырмалы түрде бұл - жақсы көрсеткіш. Бүгін «ката» сайысы бойынша түрлі санаттағы спортшылар базалық элементтерді дәлме-дәл көрсетуі бойынша жеңімпаздар анықталады. Мұның ерекшелігі - жекпе-жекке түскісі келмейтін кей жандар және жасы үлкен азаматтар тек осы бағытпен шұғылданса болады. Мысалы, 44 жастағы қатысушымыз жастармен бәсекелесіп, ел ішіндегі додаларда топ жарып жүр» Республикалық турнирдің бас төрешісі Максим Вавил

Республикалық жарыста Астана, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарынан 8 жас және одан жоғары жас санаттары бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -