"Тәуелсіздік ұрпақтары-2024" грантының иегерлері белгілі болды

13816
Фотосурет: Gov

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен беріледі.

Нәтижесінде комиссия 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жобаны іріктеп алды.

2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері

Грант иегерлерін марапаттау рәсімі желтоқсан айында Астанада өтеді. Жеңімпаздар жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, биыл өтінімдер 5 тамыз бен 6 қазан аралығында қабылданды. Келіп түскен 1284 өтінімнің 897-сі қабылданды. Атап айтқанда, «Бизнес» бағыты бойынша – 495, «Ғылым» бағыты – 62, «Мәдениет» бағыты – 107, «Ақпараттық технология» бағыты бойынша – 94, «Медиа» бағыты – 66, «Волонтерлік» бағыты бойынша – 73 өтінім.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -