8 желтоқсанда №6 бір мандатты аумақтық сайлау округінен шығып қалғанның орнына Астана қаласы мәслихатының депутатын сайлау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Таңертеңгі сағат 7-ден бастап Астанада 19 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның үшеуі – жабық, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мәслихат депутаттары бес жылға сайланады. Сайлау бюллетеніне 6 кандидат енгізілді. Астана қаласы бойынша сайлауға Байқоңыр ауданында орналасқан №6 бір сайлау округі қатысады.
Сайлау учаскелері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Осыған дейін округтің әрбір тұрғынына атаулы шақырулар берілген болатын. Сонымен қатар, учаскелік комиссия мүшелері 17-27 қараша аралығында сайлаушылар тізімін таныстыра отырып, ауланы аралап шықты.