Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылында «Batyr Bolamyn» қорының бастамасы және «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен балаларға арналған шағын спорт кешені ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл кешен шалғай ауылдарда спортты дамытуға бағытталған.
«Batyr Bolamyn» қоры бүгінге дейін 70-тен астам спорт залын ашып, көпбалалы және әлеуметтік осал топтардың балаларына бокс, қазақ күресі, дзюдо, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерімен тегін айналысуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіп, ауыл балаларына дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасады.
Спорт кешенінің ашылуына «Batyr Bolamyn» қорының президенті Ернұр Сәбікенұлы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Молдашев және ауыл тұрғындары қатысты. Шарада қор басшылығына көрсеткен қолдауы үшін дәстүр бойынша шапан жабылып, алғыс білдірілді.