ІІМ Қарағанды академиясының жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Бәрімбек Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының бастығы болып Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы тағайындалды.
Ведомстволық оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға министрдің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды.
Нұрлан Биекенов ІІМ Қарағанды академиясының оқытушысы, кафедра бастығы болып жұмыс істеген.