Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскері өз қатарына жас сарбаздарды қабылдауды жалғастырып келеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөлімінде ерекші салтанатты шара өткізілді. Ол шарада әскер қатарына жаңа қосылған қаракөз қарындастарымыз әскери ант қабылдап, Отан қорғау жолында адал қызмет етуге дайын екендерін көрсетті.
Әскери ант - Отанға адалдықтың символы. Әскери ант қабылдау-әрбір жауынгер үшін ерекше әрі маңызды сәт. Бұл әскери рәсім мемлекет пен халық алдында өз міндеттерін адал орындауға уәде берулерін білдіреді. Бүгінде Ұлттық ұлан әскер қатарына қосылған нәзік жандылар батылдық танытып, құқықтық тәртіп әскеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға дайын екендіктерін айқындады.
Отанымызды қорғаймыз деп әскери ант қабылдаған нәзік жандылар – ел ішіндегі тыныштықты сақтауға өз үлестерін қосатындығына сеніміміз мол. Олардың адалдығы, жігері мен кәсіби біліктілігі Ұлттық ұлан әскерінің жарқын болашағына сенімді кепіл болары сөзсіз.