Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау: 640 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

4180
Фотосурет: primeminister.kz

«Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Үкімет отырысында 2024 жылы тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оның айтуынша, биыл «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ құралдары есебінен тұрғын үй құрылысын қолдаудың жалпы сомасы 640,3 млрд теңгені құраған. Оның ішінде осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 604,2 млрд теңгеге жобалар қолдау тапты.

«Жекешелендіру құқығымен ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі бойынша ЖАО облигацияларын сатып алу есебінен қаржыландырудың жалпы жоспары 17,3 мың пәтер сатып алу үшін 272 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бөлінген қаражаты есебінен әкімдіктердің 248,5 млрд теңгеге немесе жылдық жоспардың 91%-на облигациялары сатып алынды. Әкімдіктерге 23,5 млрд теңгеге соңғы траншты беру «Самұрық-Қазына» АҚ қаражатын алғаннан кейін осы жылдың 17 желтоқсанына жоспарланған» Рустам Қарағойшин 

ЖАО 169,4 млрд теңге немесе бөлінген қаражаттың 68% игерілді. Биылғы 6 желтоқсандағы жағдай бойынша әкімдіктер 16,9 мың пәтер сатып алуға конкурстар жариялады, оның ішінде іс жүзінде 9,2 мың пәтер немесе жоспардан 53% сатып алынды. ЖАО кезекте тұрғандар үшін пәтер сатып алу және қабылдау бойынша барлық рәсімдерді қысқа мерзімде аяқтауы қажет.

ЖАО-ның несиелік тұрғын үйі бойынша облигацияларды сатып алу тетігі арқылы әкімдіктерге 165,1 млрд теңгеге немесе жоспардың 100%-на қор жасау ұсынылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпараты бойынша күтілетін жоспар 10 мың пәтерді құрайды, оның ішінде ЖАО 5,7 мың пәтерді тапсырды. Әкімдіктер жыл соңына дейін кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді пайдалануға берудің белгіленген көлемін орындауды қамтамасыз етуі қажет.

«Сонымен қатар биылғы шілде айында Астана қаласында реновациялау бағдарламасын қаржыландыру үшін ЖАО-ның 25 млрд теңгеге облигациялары сатып алынды. Сондай-ақ әлеуметтік тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтау мақсатында 2025 жылы Ұлттық банктің бөлген қаражатын (8,74%-бен) және Ұлттық қордың қайтарымды қаражатын (0,35%-бен) араластыру тетігін іске қосу ұсынылады. Бұл облигациялық қарыздар арқылы өңірлерге жылдық 4,25% орташа мөлшерлеме бойынша шамамен 160 млрд теңгені бағыттауға мүмкіндік береді» Рустам Қарағойшин 

Үлестік құрылысқа кепілдік беру және құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері бойынша жалпы сомасы 165,6 млрд теңгеге немесе жоспардың 93%-на жобалар қолдау тапты.

Жыл соңына дейін барлығы 178,2 млрд теңгеге жобаларға қолдау көрсетіледі. Бұл коммерциялық тұрғын үй салу кезінде 7 мың азаматтың қаражатын қорғауға мүмкіндік береді. Осылайша, биыл тұрғын үй құрылысын қолдаудың жалпы сомасы 640,3 млрд теңгені құрады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -