Тәжікстаннан келген құрамында перзентханалардың акушерлері, гинекологтары мен бас дәрігерлері бар делегация жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету саласындағы қазақстандық мамандардың озық жұмыс тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматыға, Түркістанға, Шымкентке сапар барысында шетелдік мамандар амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету тәртібін зерделеп, босандыру ұйымдарының біліктілігі мен техникалық жарақтану деңгейін бағалады.
МСАК деңгейінде медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаты, жүкті әйелдердің бағыты, учаскелерде патронаждық бақылау, ақпараттық жүйелерде тіркелім жүргізу делегацияның ерекше қызығушылығын тудырды.
Сапардың қорытындысы бойынша Тәжікстан өкілдері өз елінің денсаулық сақтау жүйесінде енгізілген әдістемелерді қолдану мақсатында ҚР ҚМ базасында босандыру саласында, олардың мамандарын - акушер-гинекологтарды, неонатологтарды және генетиктерді оқыту бөлігінде ынтымақтастықты ұсынды.