Биыл жыл басынан бастап Алматыда қылмыс деңгейі 10-15%-ға төмендегені байқалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушылықтарды ашуда бейнебақылау маңызды рөл атқарады: қала бойынша орнатылған 150 мыңға жуық камера қылмысты ашуға септігін тигізеді.
Күн сайын полицейлер көшелерде патруль жүргізіп, рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шұмаев патрульдік қызметтің 2000-нан астам қылмыстық құқықбұзушылықты ашуға көмектескенін айтады.
Алда мерекелік күндер келе жатыр, сондықтан патрульдік полиция гарнизоны мен Полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.