Қазақстан оқушылары IJSO 2024 олимпиадасында көшбасшылар қатарында

3729
Фотосурет: Gov

Қазақстан құрамасы IJSO халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды.

Бұл беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.

Қазақстан құрамасында алты оқушы болды.

Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды:

🥈 Айзере Жеңісханова – Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;
🥈 Әділ Жиенбаев – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
🥉 Анастасия Пономарева – Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы;
🥉 Әбдіжан Ибраимов – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
🥉 Мұнар Сағымбай – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
🥉 Әлихан Іскендір – Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері:
• Самат Мұратбекұлы Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;
• Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
• Мұхаммедәлі Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

IJSO - 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми сайыс. Бұл олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Бангкокта өткен жарыста Қазақстан құрамасының барлық алты қатысушысы жүлдегер атанған болатын. Биыл да оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, ел намысын абыроймен қорғады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -