Freedom Ticketon Дубайға екі адамдық жолдама ойнатады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Freedom Ticketon онлайн билет сату қызметі Дубайға екі адамға жолдама ұтып алуға болатын жаңа жылдық байқауын бастады. Ұтыс ойыны 3 желтоқсанда басталып, 2025 жылдың 4 қаңтарына дейін жалғасады. Байқаудың серіктесі – KOMPAS Touroperator.
Оған қатысу үшін сайтынан билет сатып алу барысында "Турдың ұтыс ойынына қатысу" деп аталатын бонусты таңдаңыз. Сатып алушының поштасына іс-шараға билетпен бірге ұтыс ойынына қатысуды растайтын бірегей жарнамалық коды бар хат келеді.
Бір адам үшін сатып ала алатын билеттер саны шексіз. Компанияның сайтында көрсетілген барлық іс-шаралар акцияға қатысады. Жеңімпаздар акция шарттарын орындаған барлық адамдар арасында рандомайзердің көмегімен анықталады.
Ұтыс ойыны 5 қаңтарда сағат 15.00-де @ticketonkz Instagram парақшасында тікелей эфирде өтеді. Онда тек бір адам жеңе алады.
Сонымен қатар, іс-шараларға билеттерді сату қызметі екі түрлі форматта өтетін жаңа жылдық ұтыс ойындарын өткізеді. Бірінші формат – сайтынан билеттерді сатып алған 9 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін әркім автоматты түрде номиналы 5000 теңге болатын бес сертификаттың ұтыс ойынына қатысады. Ұтыс ойыны апта сайын - 9, 17, 23, 30 желтоқсанда, сондай-ақ 6 қаңтарда сағат 15:00-де өткізіледі. Жеңімпаздар рандомайзердің көмегімен таңдалады.
Ұтыс ойынының екінші форматы интерактивті – жеңіске жеткісі келетіндердің барлығы тікелей эфирге қосылып, қазақстандық іс-шаралар тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру арқылы номиналы 2000 тг сертификатты немесе Freedom Ticketon компаниясының арнайы ойынын ұтып ала алады. Мұнда жеңіс эрудицияға байланысты, сондықтан қатысушылардың жеңіске жету мүмкіндігі жетерлік.
«Біз мереке қарсаңында көрермендерді ұтыс ойынымен қуантуға тырысамыз. Өз бағын сынап, өзін қуантқысы келетіндерді біздің Instagram аккаунтымызда күтеміз. Жарыстар мен ұтыс ойындары, сондай-ақ алдағы оқиғалар туралы соңғы жаңалықтар сол жерде бар» Компанияның бас директоры Виктория Торгунакова