Өткен демалыс күндері елордалық ұландар бір күнде жоғалған екі мобильді телефонды тауып, иелеріне қайтарды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ұлттық ұланның Астана қаласында орналасқан 5573 әскери бөлімінің сарбаздары «Байқоңыр» ауданының қоғамдық тәртібін қадағалап жүрген кезде сағат 19:32-де байланыс құралдары арқылы «iPhone 14 Pro Max» маркалы телефонның жоғалғаны туралы хабар алды. Ақпарат алынған соң, әскери жасақ бастығы қатардағы Инсар Дүйсенбеков патрульдегі сарбаздар қатардағы Аслан Махамбетов пен Әліби Өңгелдімен бірге дереу іздестіру шараларын ұйымдастырылды. Ұландықтардың қырағылығының арқасында жоғалған телефон «Астаналық» сауда үйінің автотұрағынан табылып, иесіне қайтарылды.
Екінші оқиға сол күні сағат 20:21-де «Байқоңыр» ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде орын алды. Әскери жасақ бастығы қатардағы Диас Амир және патрульдегі қатардағы Қуаныш Тіркешов пен Бекзат Раушан телефонның жоғалған орны туралы бағдарлама алды.
"Біз «iPhone 15 Pro» маркалы телефон мен құлаққаптың жоғалғаны туралы ақпарат алған сәтте бірден іздестіру жұмыстарын бастадық. Уақыт жоғалтпай, біз жедел әрі бірлесе әрекет еттік. Нәтижесінде жоғалған заттарды тауып, иесіне қайтардық" әскери жасақ бастығы қатардағы Диас Амир
Өз кезегінде Астана қаласының тұрғыны Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қырағылығы мен адал қызметі үшін алғысын білдірді.