Елімізде геолог мамандығын дәріптеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. «Еңбек сіңірген геолог» ведомстволық наградасының мәртебесі мемлекеттік награда мәртебесіне лайықты түрде көтеріледі. Келесі жылдан бастап «Еңбек сіңірген геолог» мемлекеттік награда болады, деп хабарлайды DKnews.kz.
ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасы Ерлан Акбаров ОКҚ брифингінде хабарлағандай, геология саласындағы жоғары оқу орындары түлектерінің өсуі байқалады. Осыдан бірер жыл бұрын бұл мамандық бойынша оқуды тек 1224 маман аяқтаса, 2024 жылға қарай тау-кен дела және геология саласындағы мамандықтар бойынша 3000-нан астам маман бітірді. Бұл ретте Сәтбаев техникалық университетінің деректері бойынша түлектердің 98%-ы мамандық бойынша жұмысқа орналасқан.
«Оқушыларды геологияға тарту мақсатында «Жас геолог» корпоративтік қоры жұмыс жасайды. Жыл сайынғы «Жас геолог» далалық олимпиадасы ҚР Геология саласының болашақ мамандарының нағыз ұстаздарын дайындау болып табылады. «Жас геолог» корпоративтік қоры ҚР барлық өңірлерімен белсенді ынтымақтасады және республикалық слеттер мен халықаралық жарыстарға қатысу үшін жас геологтар қозғалысын дамыту бойынша жұмыс істейді. Биылғы жылдың жетістіктерінің бірі – біздің балаларымыз жыл басында Мәскеуде өткен халықаралық геологтар олимпиадасында жүлделі орындар алып келді» Ерлан Акбаров
Сонымен қатар 2024 жылдың желтоқсанында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің қолдауымен Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамы дайындаған Қазақстанның мұнай және газ кен орындарын алғаш ашқан адамдарға арналған кітап жарық көрді, бұл жұмыс қазақстандық мұнайдың 125 жылдығына орайластырып, елдің энергетикалық әлеуетін нығайтып, жер қойнауын зерттеген мамандарға арналады.