Жыл басынан бері республика бойынша 2 млн-ға жуық диспансерлік науқас емхана мамандарының динамикалық бақылауымен қамтылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға жоғары, деп хабарлайды DKnews.kz.

Емдеу шеңберінде олар 11,6 млн-нан астам консультациялық-диагностикалық қызмет алды, бұл өткен жылғы деңгейден 8,8%-ға жоғары.

Бұл көрсеткіштер амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің қолжетімділігінің жақсаруын білдіреді.

Тұрақты диспансерлеу созылмалы аурулары бар пациенттерде асқынулардың дамуын болдырмауға және пациенттің ерекшеліктерін ескере отырып, жеке емдеу тәсілін таңдауға көмектеседі.