Астанадан Бурабайға жаңа брендтік пойыз іске қосылды

3762
Фотосурет: Gov

Елордадан еліміздің ең танымал курортты аймақтарының бірі – Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жаңа пойыздың вагондарына елорданың бірегей көрнекі жерлері, атап айтқанда, Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Нұр-Әлем және басқа да нысандары бейнеленген. Сондай-ақ вагондарда Visit Astana және Visit Aqmola өңірлерінің туристік брендтері орналастырылған. Вагондардың ішкі безендірілуінен Астана қаласының мәдени ерекшеліктерін және Бурабай курортты аймағының табиғи сұлулығын көруге болады.

Пойыздың тағы бір ерекшелігі – эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты деректермен таныса алады.

«Жаңа туристік пойызды іске қосу – ішкі туризмді дамыту және Қазақстан бойынша саяхаттауға жаңа мүмкіндіктер ашу жолындағы маңызды қадам. Бұл жоба ел тұрғындары мен қонақтары үшін ең әдемі курортты аймаққа еркін жетуге мүмкіндік береді», – деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Пойыз Нұрлы Жол (Астана) станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүреді. Жол жүру уақыты – 2 сағат 26 минут.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -