Азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайту: Алматыдағы конференция қорытындысы

10505
Фотосурет: Gov

Алматыда «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» тақырыбында V халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шарада спикерлер Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын өзектендіру шеңберінде жүргізілген әлеуметтанушылық зерттеулердің қорытындыларымен және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға бағытталған жұмыстармен бөлісті.

Айта кетейік, ашықтық пен айқындық қағидаттарын тиімді іске асыру мақсатында биылғы сәуір айынан бастап «Қоғамдық бақылау туралы» ҚР Заңы заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің мүшелері 2025 жылы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты құрамы 80%-ға жаңартылмақ. Осыған орай Қоғамдық кеңестің 3 мыңнан астам мүшесінің қатысуымен 20-ға жуық оқыту семинарларын өткізу жоспарланған.

Конференцияға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының, БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің, халықаралық және қазақстандық қоғам қайраткерлерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -