Республикалық трассалар бойынша көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 00:30-дa ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
Ақмола облысы:
"Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 159-200 шақырым аралығы,Ерейментау қаласы- Павлодар облысының шекарасы.
Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарлануда.
Павлодар облысы:
1. "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 205-259 шақырым аралығы, Ақмола облысының шекарасы-Шідерті ауылына.
2. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 1206-1367 шақырым аралығы, Шідерті ауылы - Атамекен ауылы.
Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарлануда.
Ақтобе обласы:
«Самара-Шымкент» автожолының 1153-1240 шақырым аралығы, Ырғыз ауылы - Қызылорда обласының шекарасы.
Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 04:30-да ашу жоспарлануда.