Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматының коммуналдық қызметтері қардың қатты түсуіне байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Қалада сағат 17.00-де басталған жаңбыр 18.00-ге дейін қарға ұласты, ол 16 желтоқсанның таңына дейін жалғасады деп болжануда.
Сағат 22.00-де қалада 4 см қар жауды, Каменск үстіртінде – 15 см, таулы аудандарда – 35 см-ге дейін.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы ауа райының қолайсыздығын жою үшін 396 бірлік арнайы техника мен 240 жол жұмысшысы жұмылдырылғанын хабарлайды. Қар жауып бастағаннан 122 құмсепкіш көше-жол желісін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеп, 645 тонна қоспаны жұмсады.
Қарды сыпыру белсенді жүргізіліп жатқан қаланың таулы және тау бөктеріндегі аудандарына ерекше назар аударылады. Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын және жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалау үшін 65 бірлік шағын техника жұмылдырылды.