6809
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімі базасында құрылған Дағдарысқа қарсы тұру жөніндегі оқу орталығы қазіргі таңда білікті мамандарды даярлау бағыты бойынша қарқынды қызмет етуде.

Ал, ол мамандарды даярлайтын шетелдік мамандармен келісім-шарт аяқталғалы бірнеше жылдап тәлім мен тәжірибе алған өз әскери оқытушыларымыз сапалы тәлім беріп жүр.

Жалпы оқу орталықтың негізгі міндеті – ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бойынша мамандар даярлау. Орталықтың оқу бағдарламасында мамандарды тактикалық дайындық, төтенше жағдайларды жою, қазіргі заманғы физикалық қауіпсіздік жүйелері, компьютерлік қауіпсіздік, ядролық материалдарды басқару мәселелерін зерттеу және оларды сақтау қауіпсіздігі қарастырылған.

Аталған бағдарламаларды меңгеру үшін орталық арнайы  заманауи оқу-жаттығу құрылғыларымен жабдықталған.Соның ішінде оқ атудың электронды галереялары, көлік құралдарына арналған тренажерлер, ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларына арналған жаттығу кешендері сынды көптеген оқуға  қажетті соңғы үлгідегі  замануи техникалармен жабдықталған. Яғни, бұл жерде әскерилеріміз ілімді тек теория жүзінде ғана емес, қолмен ұстап, істе қолдануға мүмкіндіктері бар.Барлық  қажетті технологиялар арқылы практикалық ілімін арттыра алады.

- Бұл саладағы кәсіби біліктілікті тек заманауи техникалармен арттыру мүмкін емес. Оқу бағдарламасы мен ілім беретін арнайы мамандар қажет екені анық. Бұл ретте Дағдарысқа қарсы тұру жөніндегі оқу орталығы  Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) ұсыныстары мен Қазақстан Республикасының жоғарғы талаптарына сай, халықаралық тәжірибе мен осы саладағы үздік мысалдарға сүйене отырып, ҚР Ұлттық ұланы мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығын қамтамасыз етуге кепілдік береді. Сонымен қатар оқу курстарын сол Халықаралық атом энергеиясы агенттігі құрамына енетін бірқатар мемлекеттен арнайы нұсқаушылар келіп, тәлім берген болатын,-дейді подполковник Ералы Айтқожин.

Ералы Кеңесұлының айтуынша, орталық  әскерилер үшін есігін айқара ашқалы бірден оқу курстарын қарқынды түрде өткізіп отырды. Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2020 жылдың қаңтар айы әскерилер үшін «Ядролық материалдарды күзету деңгейі» тақырыбында шетелдік арнайы оқытушы мамандардың алғашқы сабағы өтті. Сол жылдардан бастап 2023 жылға дейін барлық дәрістерді АҚШ-тан келген арнайы мамандар өздері ұйымдастырып келген.

- Оқу бағдарламалары әлемдік стандартқа негізделгендіктен, әр түрлі бағыт бойынша нақты ілім мен тәжірибе алуға мұнда үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Мәселен, оқу курстарында білім алушылармен жауынгерлік мақсатына сәйкес кез-келген жағдайда жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге, олардың тұрақты дайындығын қамтамасыз ету үшін, бөлімшелердің  «жүргізуші» құрамын дайындайды, - дейді Дағдарысқа қарсы тұру жөніндегі оқу орталығының коменданты подполковник Ералы Айтқожин.

Автожаттығу құрылғысының көмегімен автомобильдің иін тіректері мен басқыштарын басқару, қарапайым және күрделі жол жағдайларында басқару дағдылары пысықталады. Олар жол бойында қозғалыс имитациясын қамтамасыз етеді. Бұл болашақ жүргізушілерге автомобильді басқару дағдыларын жылдам меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқу орталығындағы автожаттығуды кәдімгі көлік жүргізуді үйрететін мектептермен салыстыруға мүлде келмейді. Өйткені, автожаттығу құрылғыларды мақсаты бойынша, құрылымы бойынша, жол жағдайын көрсету тәсілі бойынша бірнеше түрге топтастыруға болады. Мысалы, БТР-80 құрылғысы механик-жүргізушілерді бронетранспортер жүргізу дағдыларына үйретуге арналған.Ал, мұны авто мектептерде ешкім үйретпейді. Ал, жаттығу құрылғыларын қолданудың артықшылығы механик-жүргізушілер мен жүргізушілерді даярлау құны мен мерзімін қысқартуға, әскери бөлімдерде жанар-жағар майын, моторесурстардың шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Осынау екі жақты оқу-жаттығулар әскерилердің жауынгерлік іс-қимылдарын жоспарлауға, дайындығын қамтамасыз ету, бөлімшелерді дайындау және кез-келген жағдайда оларды басқару, сондай-ақ, өзара іс-қимылын пысықтап, жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін практикалық және теориялық сабақтардың пайдасы зор.

ҚР ҰҰ әскери қызметшілерінің кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ олардың білімі мен іскерлігін жүзеге асыру үшін оқу орталығында дайындықтың түрлі бағыты қамтылған. Тарқатып айтсақ:

-стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерді физикалық қорғау негіздеріне, ядролық объектілердің физкалық қорғанысын қамтамасыз ету тиімділігін бағалау және осалдығына талдау жүргізудің озық әдістемелерін,

- қызметтік жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде бөлімшелерді басқару бойынша практикалық дағды мен білім беруді,

- объектілерде төтенше жағдай кезінде әрекет ету шараларын әзірлеу әдістемесін,-арнайы бөлімшелерді оқыту және нысанды күзету күшімен өзара іс-қим ыл жасауды оқытады. Сонымен қатар, ядролық объектіде арнайы операцияны ұйымдастыру дағдысы мен объектілердің қауіпсіздік қызметтері мен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды үйретеді.

Одан өзге түрлі тәжірибелермен танысып, өздеріне қажетті нақты ілім алып шығады. Атап айтқанда, бірлескен іс-шаралар тәжірибесі, арнайы жүктерді еріп жүру кезінде күзету бөлімшелерін қолдану тәжірибесі, өткізу және объектішілік режимдерді басшылыққа оқытуды, оқ ату теориясы мен ережелерін оқыту мен қатар, атыс қаруынан оқ атуды орындау тәжірибесін қамтиды.

- Оқу курстарында білім алушылар мен дронды жаттығу құрылғыларында практикалық сабақтар өткізіледі. Нағыз дронды басқаруды үйрену үшін жабдықталған сыныпта, оқу дрондарында арнайы оқудан өту керек, - дейді Дағдарысқа қарсы тұру жөніндегі оқу орталығының коменданты.

Жалпы, ұшқыссыз дрондар әлем бойынша үлкен сұранысқа ие. Бұл дрондар алғашында коммерциялық емес, әскери мақсатпен жасалғаны анық. Яғни, тек әскери операцияларда қолдану көзделген болатын.Орталықтағы дрондардың негізгі мақсаты да арнайы барлау жұмыстарын жүргізуге арналған. Нақтырақ айтсақ, біріншіден жауынгерлік  іс-қимылдарда фото және бейне жазу арқылы шығынсыз тактикалық барлау және жоғалған адамдарды іздеу және бақылау мақсатында қолданылады.

Ал, осының бәрін бір орталықта шоғырландырып дайындайтын арнайы оқу-жаттығу алаңы да қарастырылған. Мәселен, онда броньды күзет мұнарасы, оқу жаяу жүргіншілер бекеті, оқу-жаттығу автомобильдік бақылау пункті, тактикалық лабиринт үйі және отряд жолы орналасқан. Оқу полигонының периметрі теледидарлық бақылау жүйесімен және анықтау, қабылдау, халыққа үндеу және телефон байланысы жүйелерімен және периметрлік жарықтандырумен жабдықталған.

Оқу орталығының құрылуы  Америка Құрама Штаттарымен Қазақстан Республикасы арасындағы 1993 жылғы 13 желтоқсандағы үкіметаралық келісімге сәйкес Қазақстанда жүзеге асырылған «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бірлескен бағдарламасы аясында екі ел арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып табылады. 2018 жылдан бастап Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс Министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің (DTRA) мердігер ұйымы URS Federal Services Inc және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланымен бірлесіп ескі әскери казарма ғимаратын қазіргі заманғы оқу базасына айналдырды.

капитан Бағдат АМАНГЕЛДІ,

Өскемен қаласы

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -