Салықтық тексерулер: нені білу маңызды?

3047
Фотосурет: ©️Валерия Змейкова/ kapital.kz

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Салық кодексінің 145-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінетінін хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz:

  1. тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер;
  2. жоспардан тыс салықтық тексерулер.

Салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер болып табылады.

Уәкілетті органның шешімімен бекітілген жартыжылдық график тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер тағайындауға негіз болып табылады.

Жоспардан тыс салықтық тексерулер болып өтініштер, шағымдар бойынша, таратуға байланысты, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген және т.б. негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.

Сондай-ақ ҚР Салық кодексінің 140 бабына сәйкес, салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -