Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі мақсаты – азаматтардың кіріс мөлшеріне қарай әділ салық салуды қамтамасыз ету табылатынын хабарлайды. Салық төлеуден жалтарғандарды анықтау көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Көлеңкелі айналымды азайтудың тиімді әдістерінің бірі – азаматтар өмірінің ажырамас бөлігіне айналған қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшу болып табылады.
Ересектерден басқа, 6 жастан бастап балалар да қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді пайдаланады, ата-аналардың 50%-ы балаларына карта рәсімдеген.
Ел айналымындағы қолма-қол ақшаның мардымсыз сомасын ескере отырып, әрбір азамат декларациялау кезінде 10 000 АЕК аспайтын қолма-қол ақшаны көрсете алады. Өзге қаражаттың болуын екінші деңгейдегі банктер растайды.
Салық кодексінде банктердің салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді салық органдарына беруге міндеттілігі қарастырылған (Салық кодексінің 26-бабы).
Бұл талап Конституцияның нормаларына қайшы келмейді, өйткені бұл құқықты шектеуге заңда нақты белгіленген жағдайларда және тәртіппен жол беріледі (Конституцияның 18-бабының 2-тармағы).
Осыған байланысты «Банктер және банк қызметі туралы» Заңның (50-бап) және Салық кодексінің (30-бап) нормалары салық салу мақсатында банк құпиясын жария етуді көздейді.
Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша анық декларациялау қажет екеніне назар аударамыз. Алдағы уақытта салық салынатын кірісті анықтау кезінде активтердің құны ескерілетін болады.