Жалған айғақтар сот үкіміне айналды

2728
Фотосурет: depositphotos

Куә жалған айғақтар үшін сотталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

ШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша сот процесі барысында көлік прокурорлары куәлардың бірімен жалған айғақтар беру фактісін анықтады.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады.

Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Прокуратура еске салады: жалған айғақтар сот жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіреді және қылмыстық жауаптылыққа алып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -