Оралда қызметтік иттің көмегімен бұзақыны ұстады

2783
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс»

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Орал қаласында Ұлттық ұлан жауынгері қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде ерекше оқиғаға куә болды. Оқиға Орал қаласының көшелерінің бірінде орын алған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қызметтік итпен бірге қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан жауынгері, өзіне қарсы бетте келе жатқан азаматтың қолындағы пышағын лақтырып жібергенін байқап қалады. Бұл құқық бұзушылықты көрген ұландық сарбаз дереу қызметтік итке тапсырма беріп, төрт аяқты жануар пышақты тауып, қылмыскерді ұстауға да көмектеседі.

Осылайша Ұлттық ұлан жауынгерінің жедел әрекеті нәтижесінде бұзақы ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Бұл оқиға Ұлттық ұлан жауынгерлерінің кәсібилігі мен жедел әрекет ету қабілетін және жауынгерлік дайындығының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Сондай-ақ бұл жаңдай қала көшелеріндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында қызметтік иттерді қолданудың тиімділігін кезекті рет дәлелдеп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -