Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолданыстағы Салық кодексіне өзгерістер енгізілгенін, оған сәйкес жеке және заңды тұлғалар осы жылдың шілде айынан бастап ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін бюджетке төлем төлемейтінін түсіндіреді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сондай-ақ Жаңа Салық кодексінің жобасында міндетті төлемдер тізбесінен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алым және қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін алым алынып тасталғанын хабарлаймыз.
Осылайша, кәсiпкерлiк субъектiлерi (заңды және жеке кәсiпкерлер) жарнамаларды орналастырған кезде, сондай-ақ қызметтiң жекелеген түрлерiмен (алкоголь өнiмдерiн сақтау және өткiзу және қызметтiң өзге де түрлерiмен) айналысуға лицензияларды пайдаланған кезде бюджетке мұндай төлемдердi жүзеге асырмайды.
Өз кезегінде, Жаңа Салық кодексінің жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатқанын хабарлаймыз. Бұл ретте Салық кодексін енгізу 2026 жылға жоспарланған.