184 600 теңге заңсыз араласқаны үшін айыппұл: Шымкенттегі тексеру қорытындысы

6787
Фотосурет: freepik

Шымкентте кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы талдау барысында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісін анықтады.

Қадағалау актісі бойынша салық органының кәсіпкерлік субъектісінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жойды.

Салық органының қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен (Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған қысқартылған тәртіппен 184 600 теңге айыппұл салынды.

Инкассалық өкімнің күші жойылып, кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді, оған 7,3 млн теңге қайтарылды.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -