2024 жылғы 20 желтоқсан күні сағат 20:45-тен 23:00-ге дейінгі аралықта Алматы қаласы әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты әуе кемелерін қабылдауды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазіргі уақытта Алматы әуежайынан 9 рейстің ұшуы, 12 рейстің келуі кешіктіріліп, 2 рейс тоқтатылды.
Ауа райы туралы нақты мәлімет: көріну қашықтығы – 200 м, желдің жылдамдығы – 5 м/с, қарлы жаңбыр және тұман. Болжам бойынша сағат 21:00-ге дейін қатты қарлы жаңбыр, желдің екпіні – 16 м/с, көріну қашықтығы – 200 м.
Әуе рейстерінің кешігуі, ең алдымен, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орын алып отыр. Бұл азаматтық авиацияның басты басымдығы.
Кешіккен рейстер ұшу кестесінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты жолаушыларға өз рейстерінің мәртебесі мен ұшу уақытын әуежай мен әуе компанияларының анықтама қызметтерінен алдын ала нақтылауға кеңес беріледі.