Банк омбудсманы: 21 желтоқсаннан бастап қарыз алушыларды қандай жаңалықтар күтіп тұр?

4466
Фотосурет: freepik

Биылғы жылдың тамыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және қаржылық дауларды шешу жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар заңңамалық өзгерістер қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маңызды жаңашылдықтардың бірі – банктік омбудсменің өкілеттіктерін кеңейту. Өзгерістер 2024 жылғы 21 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Банк омбудсманы – шешімдері банктер үшін орындауға міндетті болып табылатын тәуелсіз тұлға. Оның қызметтері тегін.

Банк омбудсманының негізгі міндеті – қарыз алушылар мен несие берушілер арасындағы қаржылық дауларды сотқа дейін шешу. 2024 жылғы 21 желтоқсаннан бастап омбудсманы қазақстандықтардың барлық несиелері, соның ішінде тұтынушылық несиелер бойынша дауларды қарастырады. Бұған дейін омбудсман тек жеке тұлғалар мен банктер арасындағы ипотекалық несие шарттары бойынша дауларды шешумен айналысқан.

Банк омбудсманына жүгінбес бұрын қарыз алушы алдымен несие алған ұйымына хабарласуы қажет. Омбудсман сотта қаралып жатқан және/немесе заңды күшіне енген сот актісі бар өтініштерді, сондай-ақ жаңа деректер анықталмаған өтініштерді қайта қарамайды.

Банк омбудсманына жүгіну тәртібі туралы толық ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -