Air Astana рейстердің жаппай кешігуі туралы хабарлайды

4719
Фотосурет: Air Astana

Алматыда қалың қардың жаууы рейстердің кешігуіне және тоқтатылуына алып келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

20 желтоқсанда қатты қар салдарынан Air Astana компаниялар тобының рейстері кешігуде. Қолайсыз ауа-райы көз көрерлікке және ұшақтарды мұз қатуға қарсы өңдеуге әсер етті.

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы әуежайы 20.45-тен 23.00-ге дейін Алматыға ұшып келетін рейстерді қабылдамайтыны туралы хабарлады.

 Air Astana

Осыған байланысты Air Astana тобының Алматыдан 10 рейсі кешіктірілді.

КС 109/110 Алматы-Бішкек-Алматы және КС 969/970 Алматы-Шымкент-Алматы рейстері тоқтатылды.

Кешіккен рейстердің жолаушыларына тамақ және сусындар беріледі.

 Air Astana

Әуекомпания метеорологиялық жағдай жақсарғаннан кейін мұз қатуға қарсы өңдеуді орындауға толық дайын.

Әуежайға шығар алдында әуекомпанияның сайтында сіздің рейсіңіздің мәртебесін тексеріңіз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -