ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының қызметкерлері киберқауіпсіздік және «кибергигиенаны» сақтау саласындағы сауаттылық деңгейін арттыру жөнінде дәріс тыңдады. Технологияның қарқынды дамуы мен кибер қауіп көбейе түскен кезеңде мемлекеттік мекеменің барлық деңгейдегі жұмысында ақпаратты қорғауға ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды DKnews.kz.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Дәріс барысында киберқауіп мәселелері мамандандырылған IT-бөлімдер мен ақпараттық қауіпсіздік мамандарының құзыретінен алшақ кеткені атап өтілді. Қаскүнемдер көбінесе техникалық жүйе ғана емес, сонымен қатар ұйымның осал буыны болуы мүмкін адамдарды да нысанаға алады.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Сенат Аппаратының қызметкерлеріне кибер шабуылдың нақты жағдайы, сондай-ақ ақпаратты қорғау жөніндегі қарапайым және түсінікті ұсынымдар айтылды. Мемлекеттік қызметшілер киберқауіп туындаған жағдайда тез және тиімді әрекет етуге көмектесетін іс-қимыл алғышартымен танысты.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Оқу интерактивті сипатта өтті. Ол барлық қатысушыларға пайдалы болып отыр. Бұл қадам мемлекеттік құрылымдарда киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және Қазақстан Парламенті Сенатында деректерді қорғауды нығайту стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.