Жедел-іздестіру іс-әрекеті: ҰҚК нарколабораторияны жойды

2893
Фотосурет: ҚР ҰҚК бейне кадрлары

А.ж. 15 желтоқсанда ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 2 кг-ға жуық дайын «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -