Астанада 22 желтоқсан күні орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында шаңғы маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл – таза ауада шаңғымен жүріп, ұлттық ойындар бойынша тартысты бәсекеге қатысуға және күні бойы қуат алуға тамаша мүмкіндік, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жарыста ұлттық ойындар бойынша қол күрес, белбеу күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ойындар ойнатылады.
Қатысу шарттары:
- Өз шаңғыларыңыз болуы міндетті.
- Қатысу тегін, бірақ орын шектеулі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Финишке жеткендерге арнайы медаль беріледі.