6589
Фотосурет: РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында мерзімді әскери қызметке шақырылған 130-ға жуық сарбаз әскери ант қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оның ішінде елу сарбаз осы институттың күзет ротасында әскери борыштарын өтесе, қалғандары ақпан айында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әртүрлі әскери бөлімдеріне жөнелтілмек. Оған дейін жас жауынгерлер кіші мамандық бойынша даярлық курсынан өтеді.

Бұл азаматтар әскер қатарына Қызылорда, Жетісу, Алматы облыстарынан және Алматы қаласынан шақырылған. Ант қабылдау күніне дейін олар жас жауынгерлер курсынан сәтті өтіп, саптық дайындықты меңгерді, әскери жарғыларды оқып, қаруды қолдану дағдыларын үйренді.

Отан алдындағы борышымды өтеймін деп өзім шешім қабылдадым. Себебі әр жігіт бұл жолдан өтуі керек деп санаймын. Әскер бізді шыңдайды, мінезімізді қалыптастырады, бұл менің болашақта нағыз тұлға болып қалыптасуыма өз септігін тигізетініне сенемін Деп атап өтиі Алматы қаласынан шақырылған мерзімді әскери қызметші Мәди Зәкір

Салтанатты шара сарбаздардың әскери қолма-қол ұрыс техникасын көрсетіп, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде сап түзеп өтуімен аяқталды. Бұл сәт ата-аналары мен туыстарына балалары үшін зор мақтаныш пен қуаныш сезімін сыйлады, көңілдерін босатты.

Әскери ант қабылдау рәсімінен кейін туыс-туғандары үшін институттың оқу орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Ата-аналар казарма, асхана және басқа да нысандарды аралап, командирлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған жауап алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -