ТЖМ бір ай бұрын 16 қарашада басталған «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясының аралық қорытындысын шығарды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстанның солтүстігінде мұздың қалыңдығы қауіпсіз деңгейге жетсе, оңтүстігінде мұз қату кезеңі енді ғана басталды.
Бірқатар өңірлерде, мәселен Атырау, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында су айдындарының мұз жамылғысы алдамшы, яғни мұз әлі толық қатқан жоқ.
Акция аясында ТЖМ құтқарушылары мобильді топтардың құрамында еліміздің су айдындарында 7 268 рейд пен патрульдеуді жүзеге асырды.
Рейдтер барысында мұзда үстіндегі қауіпсіздік және мұзда балық аулау ережелері түсіндіріледі, барлығы 52 284 адамға нұсқау берілді. Олардың жартысынан көбі балық аулау әуесқойлары мен аңшылар. Ең жоғары тәуекел аймағындағы халықты көбірек қамту үшін балық аулау құралдары мен басқа да аңшылық керек-жарақтарын бөлшек саудада сатудың 760 нүктесі қамтылды, әр дүкенде үгіт материалдары таратылды.
Тек акция кезеңіндегі рейдтік іс-шаралар кезінде 9 ересек адам мен 2 баланың қаза болуының алдын алды, қар құрсауында көлікте тұрып қалған адамдарға көмек көрсетілді, Шардара су қоймасының жағасынан 10 км қашықтықта тұманда адасқан 2 балықшы табылып, эвакуацияланды.
Айта кету керек, мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу нәтижесінде адамдардың кінәсінен болады. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тек акция кезеңінде 156 хаттама жасалды, жалпы сомасы 4 млн. астам теңге айыппұл салынды. Бұл жағдайда айыппұл өлімнің алдын алу құралы болып табылады.
«Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы 2025 жылғы қыс мезгілі соңына дейін және жұқа мұз кезеңі бойы өткізілетін болады! ТЖМ-нің негізгі міндеті – адам өлімінің алдын алу және су айдындарындағы (мұздағы) қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға (соның ішінде жұқа мұзға) жедел ден қою!
ТЖМ қараңғыда, нашар көрінген кезде және мұздың қатуы мен еруі кезінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынатынын, және мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес екендігін ескереді.
Мұзда болған кезде:
1) мұздың жұқа және толық қатпаған жерлеріне шығуға;
2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;
3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға;
4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;
5) от жағуға;
6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі тесікті, ал басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта екі тесікті тесу;
7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді.