Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты

3553
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына қарасты 6636 әскери бөліміне Қостанай және Ұлытау облыстарынан 55 сарбаз келіп қосылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Болашақ Отан қорғаушылар алдымен бөлімнің командалық құрамымен және әскери бөлімнің тарихымен танысты.

Ұлттық ұлан қатарына қош келдіңіздер! Бүгін сіздер Отанымызды қорғау мен қызмет ету жолында маңызды қадам жасайсыздар. Сіздер біздің әскери бөлімнің даңқты тарихының бір бөлшегіне айналдыңыздар. Біздің бөлім өзінің дәстүрлерімен және жоғары дайындық деңгейімен мақтана алады. Есте ұстаңыздар, Ұлттық ұланның әскери қызметшісі болу — бұл тек құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік. Қызмет барысында сіздерге зор денсаулық, табандылық және күш-қайрат тілеймін! 6636 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Бақтияр Әубәкіров

Енді жас сарбаздар бір айлық курстан өтіп, негізгі оқу пәндерін меңгереді. Сабақтарды ең тәжірибелі және жоғары дайындыққа ие офицерлер мен келісім шарт қызметкерлері өткізеді.

- Мен Отан алдындағы борышымды өьеу үшін Қостанай облысынан келдім. Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының борышы деп санаймын. Құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшісі деген атақты абыроймен арқалауға тырысамын. Жыл тез өтеді, ең бастысы, ол пайдалы өтеді деп үміттенемін, - деді жас сарбаз Асылбек Төлепов.

Жас сарбаздар курсынан өтіп, әскери ант қабылдаған соң, ұландықтар әскери бөлімнің бөлімшелеріне бөлініп, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Бас қолбасшылғы мен әскери бөлімнің қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларын орындауға кіріседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -