Ұлттық өнеркәсіп жүйесі: экспорттаушыларға ыңғайлы

2255
Фотосурет: shutterstock, фото редактор: Артур Алескеров

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі арқылы экспорттық бақылау саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы бірлескен бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгінгі таңда бірлескен бұйрық Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге бағытталған.

Пилоттық жобаны 2025 жылдың 2 тоқсанының басында «электрондық үкімет» операторының инфрақұрылымында іске қосу жоспарлануда.

Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесін құру кезіндегі маңызды аспект әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жеңілдету арқылы бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға арналған.

Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау есебінен экспорттық бақылау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға өтінімдерді толтыруды жеңілдететін функционал сынақтан өткізілетін болады.

Бұл пайдаланушылар үшін уақыт пен шығындарды азайтуға, сонымен қатар ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ өтінімдерде форматтық-логикалық бақылауларды пайдалану есебінен бас тарту саны азаяды деп күтілуде.

Бұдан басқа, Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесі функционалында алдын ала бас тарту нәтижелері бойынша тыңдаулар өткізу көзделеді.

Осылайша, пилоттық жобаны іске асыру қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -