Гвардиялық гарнизонда 800 әскерге шақырылушылар әскери ант қабылдады

3861
Фотосурет: Гвардейск гарнизоны

Өткен демалыс күндері Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлері оқу орталығының 800-ге жуық жауынгер Әскери ант берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқу орталығының жас сарбаздары өздерінің әскери міндеттерін лайықты орындауға және әрқашан Отан алдында адал болуға ант берді.

Әскерге жаңа келген сарбаздар мен олардың туыстарын әскери ант беру рәсімімен Сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина құттықтады.

«Құрметті ата-аналар, сіздердің балаларыңыз біздің тәжірибелі сержанттар мен офицерлердің сенімді қолында. Әскери шеберлікті үйретіп қана қоймай, өз Отанының нағыз патриоттарын тәрбиелейді. Біз бүгін әскери ант қабылдаған әрбір сарбазды мақтан тұтамыз және олардың тапсырмаларды абыроймен орындайтынына күмәнім жоқ. Сіздің қолдауларыныз бен олардың күштеріне деген сеніміңіз олардың қызметінде маңызды рөл атқарады. Жас сарбаздардын бұл қадамы олар үшін Отанға қызмет етудің маңызды кезеңі болатынына сенімдімін», - деп атап өтті Татьяна Тропина.

Салтанатты рәсім туыстары мен жақын әскери қызметшілердің қатысуымен өтті. Ата-аналар жас жауынгерлердің өмірімен және қызмет өткеру шарттарымен танысты. Оқу орталығының толыққанды оқу-материалдық базасы қалыптасқан. Онда кіші мамандар қажетті дағдыларды игеретін дәріс аудиторияларымен және тренажерлармен жабдықталған жаттығу сыныптары бар.

Сарбаздар алты ай бойы жауынгерлік машиналардың көздеуші-операторы, жүк және жер қазу машиналарының механик-жүргізушісі, жеңіл сауытты көп мақсаттағы тягач жүргізушісі, аспаз ісі және т.б. мамандықтарды игерді.

"Бүгін біз халқымызға адал болуға ант бердік. Бұл біздің өміріміздің ең ұмытылмас кезеңдерінің бірі ғана емес, әр ер-жігіттің міндеті! Осы сәттен бастап біз тәуелсіз Қазақстанның нағыз қорғаушыларымыз. Біздің туыстарымыз бен жақындарымыз бізге сенетінін және өте мақтан тұтатынын есте ұстауымыз керек", – деп бөлісті қатардағы жауынгер Дінмұханбет Сқақ.

Енді жартыжылжық дайындықтан кейін әскери қызметшілер одан әрі қызмет өткеру үшін Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдеріне бөлінетін болады. Түлектерді бөлу олардың кәсіби білімі мен дағдыларды игеру деңгейін, сондай-ақ әскери бөлімдердің ағымдағы міндеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып жүргізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -