Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов Қарағанды қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына барды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сапардың мақсаты — әскери бөлімнің қызметтік-жауынгерлік қызметімен және әскери қызметшілердің жағдайымен танысу болды.
Іс-шара аясында "Орталық" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков депутатты әскердің өңірдегі қызметтік-жауынгерлік қызметі, қолбасшылықтағы істердің ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, сапар аясында жеке құраммен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Сергей Михайлович әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасындағы әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып, олардың ел игілігі жолындағы қызметтері үшін алғысын білдірді.
Мен Сіздердің еңбектеріңізді және қызметке деген адалдықтарыңызды қатты құрметтеймін. Сіздер еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудесіздер және мұндай қажырлы қызмет алғысқа әбден лайық. Мемлекет әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндігінше күш салуда. Сіздерге мықты денсаулық, қызметте сәттілік және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Естеріңізде болсын, ерліктеріңіз бен Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз бәрімізге үлгі Сергей Ершов
Сапар соңында депутат 6505 әскери бөлімінің құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырып кетті.