2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасында шетелдік интернет-компанияларға қатысты қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізілді, ол «Google салығы» деген атаумен белгілі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл жаңашылдық электронды саудамен айналысатын және жеке тұлғаларға электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік ұйымдардың салықтық міндеттемелерін реттеуге бағытталған.
Бүгінгі таңда 98 шетелдік ұйым тіркелген, олардын арасында Alibaba, Aliexpress, Apple Google, Huawei, Netflix, Pinduoduo, Temu және басқа да ірі ойыншылар бар. Төленген салықтардың жалпы сомасы 70,0 миллиард теңгеден асты.
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметін бақылауды күшейту мақсатында Салық кодекске қосымша өзгерістер енгізілді. Егер шетелдік компания тіркелу жөніндегі міндеттемелерін орындамаса, оның Қазақстан аумағындағы қызметін бұғаттауға шейін мүмкіндігі қарастырылған.
Осылайша, «Google салығын» енгізу және одан әрі дамыту ұлттық экономиканың мүддесін қорғауға және нарықтың барлық қатысушыларына әділ жағдай жасауға бағытталған. Бұл шаралар салықтық тәртіпті нығайтуға және Қазақстандағы электронды сауданың ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалыптастыруға ықпал етеді.