Mycar.kz маркетплейсінің 1000-шы сатып алушысы анықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Mycar.kz жаңа автокөліктер маркетплейсі 1000-шы сатып алушымен толығып, айтарлықтай нәтижеге жетіп отыр. Ақмола облысы, Щучинск қаласының тұрғыны Виталий Комов онлайн сатып алудағы өз тәжірибесімен бөлісті.
"Біз әйелім екеуіміз ескі көлігімізді жаңасына ауыстыру туралы көптен бері ойлап жүр едік. Таныстарымыз бізге Mycar.kz сайтынан көліктерді онлайн қарауды ұсынды. Жексенбі күні бойы жаңа көліктерді зерттеп, кешке несиеге сатып алу өтінішін қалдырдық. Бірден қосымша арқылы банктердің ұсыныстарын алдық. Ал сейсенбі күні біз жаңа көлікті мемлекеттік нөмірімен және техпаспортпен Астанадағы автоорталықтан алып кеттік! Бұл өте ыңғайлы және жылдам болды. Ең қызығы, біз армандаған көлігімізге қоса Mycar.kz-тің мыңыншы онлайн сатып алушысы ретінде жаңа телефонға да ие болдық!" Виталий Комов
"Жаңа автокөліктердің маркетплейсі іске қосылғанына бар болғаны жарты жыл өтті. Біз қазірдің өзінде 1000-шы сатып алушыны қабылдадық Бұл біздің қосымшамызға деген сенімнің маңызды көрсеткіші. Mycar.kz қосымшасын жүктеген қолданушылар жаңа автокөлікті сатып алу үшін қажетті барлық операцияларды онлайн жүзеге асыра алады. Оның ішінде бренд пен модельді таңдау, қажет болса, 8 түрлі банктен автонесиеге мақұлдау алу, верификациядан өту және бар болғаны 25 минут ішінде барлық қажетті құжаттарға қол қою. Клиенттерімізге көлік толық ресімделіп, мемлекеттік нөмірімен тапсырылады. Егер сатып алу Mycar.kz арқылы несиеге жасалса, автонесиені рәсімдеу мен көлікті кепілге қою сияқты барлық рәсімдер процеске енеді. Клиентке артық сапар жасап, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ – тек жаңа көлігін алып, сатып алудан ләззат алса болғаны. Біз сервисімізді одан әрі дамытып, автокөлік сатып алу процесін қазақстандықтар үшін барынша ыңғайлы және қолжетімді етуді жалғастырамыз" Mycar.kz өнімдер жөніндегі директоры Диас Мұхамедиев
Mycar.kz қарқынды дамып, автокөліктер ассортименті мен сату географиясын кеңейтуде. Қазіргі таңда сатып алушыларға Hyundai, Subaru, Chery, Changan, Haval, Tank және GWM сынды жеті танымал бренд қолжетімді.
Егер маркетплейс биылғы жазда іске қосылған кезде тек Алматы мен Астанада ғана жұмыс істесе, қазір ол Қостанай, Қарағанды және Шымкент қалаларын да қамтиды. Жақын арада Қазақстанның барлық өңірлерінен дилерлік орталықтар қосылады деп жоспарлануда.
Маркетплейстің дамуына автодилерлердің белсенді қатысуы маңызды рөл атқарды. Бүгінгі күні платформаға 40-тан астам дилер қосылып, сатып алушылар үшін таңдау мүмкіндігін едәуір кеңейтті.
Mycar.kz мәліметінше, жаңа автокөліктердің негізгі сатып алушылары – 30-40 жас аралығындағы ер адамдар (63%), олардың орташа табысы 300 000 теңгеден жоғары.
Mycar.kz нәтижелері автокөлік саласындағы цифрлық шешімдерге сұраныстың артып келе жатқанын және қазақстандық тұтынушылардың автокөлік сатып алудың жаңа форматтарына дайын екенін көрсетеді.