Оралда әскерилердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

6743
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұлан «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлім әскери қызметшілерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өткізіп, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жаңа жылдық шыршада әскерилердің балалары әр түрлі ойындар - ойнап, билер - билеп және өздерінің дайындап келген тақпақтарын айтты. Шараға жиналған бүлдіршіндердің барлығы бірдей Аяз ата мен Ақшақарды қуана қарсы алып тақпақтар мен әндерін айтып, өз өнерлерін көрсетіп жаңа жылдық шыршаны көңілді өткізді.

Сіздерді, ертегілер әлеміне еліктірер қызыққа толы ең ғажайып мерекелердің бірі  келе жатқан 2025 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймы. Сіздердің ата – аналарыңыз үшін жүздеріңізден нұр шашып, бар ықластарыңызбен қуанғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ. Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында өздеріңіздей бүлдіршіндер шырша шамын жағып мерекені көтеріңкі көңіл - күймен қарсы  алуда. Сондықтанда бүгінгі ұйымдастырылып отырған шара естеріңізде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін деді Әскери бөлім командирі подполковник Өміржан Сахатов

Салтанатты шарада балалар  Жаңа жылдың басты сәні жасыл шыршаны айналып шаттық пен қуанышқа бөленіп, мерекелік қойылымдарды тамашалады.   Осылайша шараға әртүрлі киім үлгісін киіп келген балалар, көтеріңкі көңіл күймен ертегілер еліне саяхаттады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -