Жылыой ауданында бейінді медициналық орталық ашылды

5896
Фотосурет: Gov

Теріарқылы коронарлық араласу (ТКА) — жүрекке қан жеткізетін коронарлық артерияларды ашу немесе қалпына келтіру үшін тері арқылы жасалатын хирургиялық әдіс. Бұл әдіс жүрек ауруларын емдеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі.

Орталықта 34 ота жасалынды. Оның ішінде 15 науқасқа стенд (стентирование) қойылып, 19 науқасқа коронография жасалды. Бұл орталықта бір профессор, бір интервенционный кардиолог,кардио реаниматолог, төрт орта
буын қызметкері жұмыс істейді.

Жылыойда ашылған орталықтың басты ерекшелігі — осы жоғары технологиялық медициналық қызметтерді тек ірі қалаларда ғана емес, шалғай аудандарда да тұрғындарға ұсыну.

Орталықтың ашылуы жүрек ауруларының алдын алу мен емдеуді жеңілдетіп, уақытында көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күрделі хирургиялық араласуларды жергілікті жерде жүргізу аурудың асқынуын болдырмауға, науқастарды көшіру кезінде болатын қауіптерді азайтуға септігін тигізеді.

Орталық заманауи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда ангиограф, дефибриллятор, кардиомонитор және өкпені жасанды желдету құрылғылары бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -