Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 29 желтоқсанда Ақтау қаласына арнайы бақылаушы - авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді, деп хабарлайды DKnews.kz.
ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп-тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады.
Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтау қаласында.