Марат Қарабаев Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу жөніндегі комиссияны басқарды

8107
Фотосурет: Gov

Көлік министрлігіне қарасты Комиссияны Марат Қарабаев басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары, тергеу жөніндегі уәкіл - көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу Департаментінің директоры Нұржан Малаев. Министрлікке қарасты бұл Комиссия Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссияның құрамына кіреді, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Көлік министрлігі Комиссиясының басты мақсаты - авиациялық оқиғаның себебін анықтап, болашақта осындай жағдайды алдын алып, болдырмау үшін ұсынымдар әзірлеу.

Бүгін Марат Қарабаевтың төрағалығымен штабта барлық 17 халықаралық сарапшының қатысуымен жиналыс өтті. 

Комиссия жұмыс жоспарын нақтылады. Комиссия оқиға орнына толық құраммен бірге барып, апатқа ұшыраған әуе кемесінің элементтері жиналатын арнайы ангарды қарайды. Әуе кемесінің элементтерін жинайтын күн бірлесе бекітіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -