Маңғыстау облысындағы құтқару операциясы: Тоқаев ҚР ТЖМ қызметкерлерін марапаттады

8283
Фотосурет: Gov

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олардың арасында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері бар:

  • Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Басқұдық ауылы №12 өрт сөндіру бөлімінің командирі Серіболат Оңғар, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті авариялық-құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметінің №12 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Олжас Байтөре, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті авариялық-құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметінің №1 мамандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің аға өрт сөндірушісі-құтқарушысы Марлен Саркенов Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен.
  • «Ерлігі үшін» медалімен  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оспан Оразбеков, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының жүргізуші-санитары Қожабек Аллабергенов, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Жедел құтқару жасағының» құтқарушысы Манас Багитов, «Қазавиақұтқару» АҚ екінші ұшқышы Әлішер Естемес, «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі Асхат Құдабаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының фельдшері Заманбек Құбайдуллаев марапатталды.
  • Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының психологі Жан Есен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -