Әскери қызметшілер мен азаматтық персонал балаларының барлық санаттарын толық қамту үшін ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімі іс-шараларды жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Осылайша, көп балалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беру қажеттіліктері бар, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің 1200-ден астам баласының қатысуымен ертеңгіліктер ұйымдастырылды.
Ерекше назар аударуды қажет ететін сәбилер үшін жаңа жылдық ертеңгіліктер демалыс күндері ата-аналары іс-шараға қатыса алатындай етіп өткізілді.
Демеушілік көмек есебінен тәтті сыйлықтар табыс етілген 730 балаға осындай 14 ертеңгілік өткізілді. Ақмола гарнизонында «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ қоғамдық қоры 240 жаңа жылдық сыйлық сатып алуға ақшалай қаражат бөлді Деп нақтылады Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Тәтігүл Смағұлова
Жаңа жыл қарсаңында қызмет басшылары бөлімше командирлерімен бірлесіп, 125 әскери қызметшінің отбасын аралап, денсаулық жағдайы бойынша жаңа жылдық ертеңгіліктерге қатыспаған балаларға сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің 15 отбасына бару ұйымдастырылды. Оларға азық-түлік себеттері мен жаңа жылдық сыйлықтар берілді.
Ұлы Отан соғысының 47 ардагері ұмыт қалған жоқ. 15 әлеуметтік мекемеге қар тазалауға және аумақты абаттандыруға көмек көрсетілді. Майдангерлерге азық-түлік себеттері, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
Жалпы, гарнизондарда балаларға арналған драма және қуыршақ театрларына, мәдениет мекемелеріне, мұз айдындарына бару ұйымдастырылады. Мысалы, Астанада 200 бала цирк қойылымына тегін қатысты.