2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 12 банк шетелдің қатысуымен, оның ішінде 9 еншілес банк, деп хабарлайды DKnews.kz.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша негізінен банктердің несие портфелінің 3,7%-ға 34 998 млрд теңгеге дейін және өтімділігі жоғары активтердің 2,6%-ға 18 168 млрд теңгеге дейін (жиынтық активтердің 30,7%-ы) өсуі есебінен банк секторының активтері 2024 жылғы қарашада 1,3%-ға немесе 748 млрд теңгеге ұлғайып, 59,2 трлн теңгені құрады (2024 жылғы 11 айда 15,1%-ға немесе 7 767 млрд теңгеге өсу).
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2024 жылғы қарашада 3,1%-ға 32,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 17,9%-ға өсу). Экономикаға берілген кредиттер құрылымында 2024 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша ұлттық валютадағы кредиттер 3,0%-ға 30,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды, валюталық кредиттер 4,9%-ға 2,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде АҚШ долларына қатысты ұлттық валютаның айырбастау бағамының әлсіреуі аясында оң қайта бағалау нәтижесінде 4,7%-ға ұлғайды.
Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы қарашада негізінен негізгі қорларды сатып алуға берілген қарыздардың 5,0%-ға 4,7 трлн теңгеге дейін және инвестициялардың 2,4%-ға 3,3 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 4,0%-ға 12,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 12,0%-ға немесе 1,4 трлн теңгеге өсу).
Бизнес субъектілерінің санаты бөлінісінде ірі бизнеске берілген кредиттер 2024 жылғы қарашада 3,4%-ға 4,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 6,2%-ға өсу). ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар негізінен айналым қаражатын толықтыруға автомобильдер өндіру секторындағы шағын кәсіпорындарға кредит беру есебінен бір айда 4,6%-ға 6,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 7,8%-ға өсу).
Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер 2024 жылғы қарашада 3,4%-ға 2,2 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бері 42,4%-ға өсу).
Салалар бөлінісінде 2024 жылғы қарашада ауыл шаруашылығы саласын қоспағанда, барлық дерлік салаларда бизнеске кредиттердің өсуі байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 2,6%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 21,7%-ға өсу), саудада – 4,4%-ға 3,4 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 13,8%-ға өсу), құрылыста – 1,9%-ға 0,6 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 8,5%-ға өсу), көлік саласында 12,6%-ға 0,9 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 6,2%-ға өсу), ақпарат және байланыс салаларында – 6,9%-ға 0,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 37,7%-ға төмендеу) және басқа да қызмет көрсету салаларында – 4,4%-ға 3,1 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 6,4% өсу).
Бұл ретте ауыл шаруашылығында жоспарлы маусымдық өтеулерге байланысты кредиттік портфельдің 2,4%-ға 0,5 трлн теңгеге дейін төмендеуі байқалды (2024 жылдың басынан бері 2,1%-ға өсу).
2024 жылғы қарашада бизнес субъектілеріне 1,9 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 28,8%-ға артық. Бұл ретте 2024 жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 16,1 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға артық.
2024 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша негізінен ШОБ кредиттері бойынша мөлшерлемелерді 18,3%-дан 18,0%-ға, ірі бизнеске – 16,8%-дан 16,7%-ға, ал дара кәсіпкерлерге – 31,5%-дан 30,3%-ға дейін төмендету есебінен бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,6%-ға (2024 жылғы қазанда – 20,1%) дейін төмендеді.
Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы қарашада 2,6%-ға ұлғайып, 20,3 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 21,8%-ға өсу). Банктердің бөлшек портфелінің құрылымында тұтынушылық қарыздар 3,0%-ға 13,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2024 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 1,8%-ға 6,0 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте 2024 жылдың 11 айында жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,8 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға артық.
Жаңа ипотекалық кредиттерді беру құрылымында нарықтық кредит берудің оң серпіні жалғасуда – жыл басынан бастап нарықтық талаптармен 617,8 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,3%-ға артық. Нәтижесінде олардың үлесі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,3%-дан 34,6%-ға дейін ұлғайды.
2024 жылғы қарашада халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі негізінен бөліп төлеуге берілген қарыздар үлесінің ұлғаюы аясында тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлемелерді 19,7%-дан 17,6%-ға дейін төмендету есебінен 16,9%-ға дейін (2024 жылғы қазанда – 18,8%) төмендеді.
Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 01.12.2024ж. кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі бір ай бұрынғы 3,3%-дан төмендеп, 3,2%-ды немесе 1,1 трлн теңгені (01.01.2024ж. – 2,9% немесе 864 млрд теңге) құрады. 01.12.2024ж. халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 4,0%-ды немесе 808 млрд теңгені құрады (01.11.2024ж. – 3,9% немесе 777 млрд теңге, 01.01.2024ж. – 3,4% немесе 575 млрд теңге), ал бизнеске берілген кредиттер бойынша – 2,3% немесе 317 млрд теңге (01.11.2024ж. – 2,4% немесе 320 млрд теңге, 01.01.2024ж. – 2,3% немесе 289 млрд теңге).
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 69,2%-ды құрады (01.01.2024 ж. – 75,9%).
Банк секторының міндеттемелері 2024 жылғы қарашада негізінен жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдарының өсуі есебінен 1,0%-ға 50,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 13,3%-ға немесе 5,9 трлн теңгеге өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 78,7%-ын немесе 39,8 трлн теңгені құрайтын клиенттердің салымдары бар.
2024 жылғы қарашада депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері негізінен шетел валютасында депозиттердің 10,0%-ға немесе 807 млрд теңгеге 8,9 трлн теңгеге дейін, оның ішінде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты 4,7%-ға әлсіреуі аясында оң қайта бағалау есебінен 1,8%-ға 38,6 трлн теңгеге ұлғайды. Ұлттық валютада депозиттер 0,4%-ға немесе 115 млрд теңгеге 29,7 трлн теңгеге дейін азайды. Депозиттерді долларландыру деңгейі 01.12.2024 ж. бір ай бұрынғы 21,3%-дан ұлғайып, 23,0%-ды құрады (2024 жылдың басында – 23,2%).
Заңды тұлғалардың депозиттері 2024 жылғы қарашада негізінен шетел валютадасындағы депозиттердің 11,8%-ға 4,6 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 6,7%-ға 17,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жеке тұлғалардың депозиттері 1,7%-ға 21,3 трлн теңгеге дейін өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы қарашада 13,1% деңгейінде сақталды, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – бір ай бұрынғы 13,3%-дан 13,2%-ға дейін төмендеді.
Банктердің меншікті капиталы 2024 жылғы қарашада 2,8%-ға 8,7 трлн теңгеге дейін негізінен қарыздар мен бағалы қағаздар бойынша пайыздық кірістердің, сондай-ақ дилингтік операциялар бойынша кірістердің ұлғаюы есебінен бөлінбеген таза пайданың ұлғаюы нәтижесінде ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 26,6%-ға немесе 1,8 трлн теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,3% (01.01.2024 ж. – 19,2%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 22,0% (01.01.2024 ж. - 21,5%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2024 жылғы қаңтар-қарашада банктердің таза пайдасы 2,3 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,3%-ға артық. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 4,6%-ды (01.12.2023ж. – 4,7%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 32,7%-ды (01.12.2023ж. – 36,7%) құрады.